Президент сайлауына кандидат Әміржан Қосанов соққыға жығылған қоғам белсендісі, тележурналист Сәуле Әбілдаханқызына қатысты пікір білдіріп, фейсбук парақшасында жазба жариялады.
«Қоғамдық-саяси өмірде «соққыға жығу» деген лас, пәле әдіс келмеске кетті ме деп жүрсем!
Жаңа ғана Абзал Құспан хабарлғандай, Сәуле Әбілдаханқызы секілді намысшыл, әділетшіл қазақ қызын полиция ғимаратынан шыға бергенде бір топ әйел соққыға жығыпты! Оны маска киген біреулер видеоға түсіріп тұрған екен!
Бұл не деген бассыздық! Не деген сорақылық! Не деген масқара!
Құзырлы органдар мына қылмысты дереу бақылауға алып, соққыға жыққандарды (және осы қорқыту-үркіту акциясын ұйымдастырушыларды!) тауып, қатаң жазасын беруі тиіс деп санаймын!»,- деп жазады Қосанов.
Бұған дейін белгілі адвокат Абзал Құспанның Сәуле Әбілдаханқызының соққыға жығылғанын хабарлағанын жария еткенбіз.
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024