01-03-24 |
15330 рет қаралған
Qnet қаржы пирамидасын құрған азаматқа іздеу жарияланды.
Qnet қаржы пирамидасын құрған азаматқа іздеу жарияланды

Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен 2019-2022 ж.ж. Қызылорда қаласы мен Қызылорда облысының аумағында Qnet қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша 11.10.1990 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматы Жұбанаев Алмас Оразалыұлы іздеуге жарияланды.

Бұлтартпау шарасы «Қамауда ұстау» , іздеу түрі – «Халықаралық».

Жұбанаев Алмас Оразалыұлы заңсыз қызметін жүзеге асыру барысында «Instagram» әлеуметтік желісін пайдалану арқылы Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларынан адамдарды тартып, тренингтер және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген.

Жәбірленушілердің жалпы саны 59 адам, келтірілген залал сомасы 63 373 356 теңгені құрайды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.