29-11-21 |
370 рет қаралған
ШҚО-да уақытша ұстау изоляторының бастығы қызметкерін зорлады деген күдікке ілінді.
ШҚО-да уақытша ұстау изоляторының бастығы қызметкерін зорлады деген күдікке ілінді

Шығыс Қазақстан облысының бас полицейі Сағат Мәдиев Риддердің уақытша ұстау изоляторының қызметкері ауыр қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды деген ақпаратқа түсініктеме берді. Оған қол астында жұмыс істейтін әйелді зорлады деген айып тағылды.

Риддер полиция бөлімі қызметкерінің басы дауға қалды – оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz.

ШҚО полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиевтің ақпаратынша, ұсталған полицей ҚПК 128-бабы тәртібінде уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Құқық қорғау органдарының беделін түсіретін 

Қазақстан облысының бас полицейі Сағат Мәдиев Риддердің уақытша ұстау изоляторының қызметкері ауыр қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды деген ақпаратқа түсініктеме берді. Оған қол астында жұмыс істейтін әйелді зорлады деген айып тағылды.

Риддер полиция бөлімі қызметкерінің басы дауға қалды – оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz.

ШҚО полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиевтің ақпаратынша, ұсталған полицей ҚПК 128-бабы тәртібінде уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Құқық қорғау органдарының беделін түсіретін әрекеті үшін ол теріс себептермен жұмыстан қуылды. Ал оның тікелей басшыларына қатысты, тіпті қалалық полиция бөлімінің бастығына дейін, қызметінен босату туралы шешім қабылданды», – деді Мәдиев.

Бұған дейін қазақстандық журналист Михаил Козачков Telegram-каналында оқиғаның мән-жайын жариялаған еді. Оның мәліметінше, ұсталған азамат – Риддердің уақытша ұстау изоляторының бастығы.

«Шығыс Қазақстан облысында жуырда Р.есімді әлдекімге іздеу жарияланды, оны тапты. Ол Риддердің уақытша ұстау изоляторының бастығы, полиция қызметкері. Оны Қылмыстық кодекстің 120-бабында қарастырылған қылмысты жасады деген күдікпен іздестірді. Ал 120-бап – бұл зорлау. Арызды оның қарамағында істейтін адам жазған, болжам бойынша қылмыс дәл сол уақытша ұстау изоляторында жасалды», – деп жазды Козачков.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.