16-09-24 |
2750 рет қаралған
«Sunkar Logistics» директорына іздеу жарияланды.
«Sunkar Logistics» директорына іздеу жарияланды

Қаржылық мониторинг агенттігі «Sunkar Logistics» директоры Руслан  омаровқа іздеу жариялады.

Омаров Руслан Уланұлы, 28.07.1986 ж.т., Ақтөбе облысы, Алға қаласының тумасы.

Аталған азамат жұмыстарды нақты орындамай, қызмет көрсетпей және тауар жөнелтпей, жалған шот-фактуралар жазып бергені үшін күдікке ілінген.

2011 жылдан 2013 жылға дейін Омаров Р.У. «Sunkar Logistics» ЖШС директоры ретінде әрекет етіп, контрагенттерге 4 млрд теңгеден астам сомаға жалған бухгалтерлік құжаттар жазып берген.

Мемлекеттік кірістер органдарының қорытындысы бойынша, төленбеген салық түріндегі мемлекетке келтірілген залалдың жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден асады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.