04-06-19 |
1480 рет қаралған
Украинада заңсыз байыған шенеуніктерді қылмыстық жауапкершілікке тартатын заң жобасы әзірленді.
Украинада заңсыз байыған шенеуніктерді қылмыстық жауапкершілікке тартатын заң жобасы әзірленді

Жоғары рада Украина басшысы Владимир Зеленский әзірлеген жаңа заңды тіркеді. Аталған заң шенеуніктердің заңсыз активтерін тәркілеуге және ол үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуға жағдай жасайды, деп хабарлайды arasha.kz тілшісі.

Сонымен қатар заңсыз байығандар да қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Президенттің баспасөз қызметі Заң жобасы украиналық және шетелдік сарапшылармен бірігіп жасалғанын мәлімдеді.  Заңға лауазымды тұлғалардың заңсыз активтерін тәркілеудің жаңа механизмі енген, яғни еш айыптау жазасын қолданбай тек сот арқылы азаматтық тәртіпте тәркілейді.

Сонымен қатар, заңсыз байығандар қандай жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны белгілі болды. Егер активтері 900 мың гривеннен «33 мың доллар) асса ғана жауапкершілікке тартылады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.