09-12-19 |
720 рет қаралған
Ресей барлық Олимпиадалар мен Әлем чемпионаттарына қатысу құқығынан төрт жылға айрылды.
Ресей барлық Олимпиадалар мен Әлем чемпионаттарына қатысу құқығынан төрт жылға айрылды

Дүниежүзідік антидопингтік агенттік (WADA) Ресей спортшыларының халықаралық ірі байқауларға қатысуына төрт жылға тыйым салды.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша шешім бір ауыздан қабылданған. Сонымен қарат WADA Ресейдің антидопингтік агенттігін(РУСАДА) де қызметінен шеттетіп, Ресей Федерациясын әлем чемпионаттарына қатысу, ұйымдастыруға ұсыныс беру құқығынан төрт жылға айырды. Ресейдің Олимпиада және паралемпиада комитеті басшылығына халықаралық спорттық шараларға қатысуға тыйым салды.

РУСАДА ірі турнирлерде «таза» ресейлік спортшылар нейтралды ту мен әнұранысыз қатысады.

«Спортшылар мен жаттықтырушылар халықаралық байқауларға WADA кодексін бұзбағанын дәлелдеген жағдайда ғана қатыса алады» , -дейді Ресейдің антидопингтік агенттігінің бас директорының орынбасары Маргарита Пахнотская.

WADA-ның Ресейдің антидопингтік агенттігіне қатысты шешімі 21 күннің ішінде немесе Спорттық арбитраждық сотындағы аппеляцияны қарастырудан кейін күшіне енеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.