01-10-18 |
4000 рет қаралған
Шетел баспасөзі: Қытайдағы мұсылмандарға байланысты еш бір ел әлі сыни мәлімдемелерден басқа әрекет жасамады.
Шетел баспасөзі: Қытайдағы мұсылмандарға байланысты еш бір ел әлі сыни мәлімдемелерден басқа әрекет жасамады

1 қазанда батыс баспасөздерінің бірі BBC.com Шыңжаңдағы мұсылмандардың қысымға ұшырауына байланысты мақала жариялады. Cайт Шыңжаңдағы ұйғыр және басқада этникалық топтар неліктен қудаланып жатыр? Олар кімдер? Қытай мен халықаралық ұйымдар не дейді? -деген сияқты бірқатар сұрақтарға жауап берді.

Мақалада БҰҰ-ның «бір миллионға дейін мұсылман ұйғырлар мен басқа да мұсылмандарды Шыңжаңның батыс аймағында қамауда ұстауы мүмкін. Ол жерде тұтқындағылар «қайта тәрбиеленуден» өтіп жатыр» деген мәлімдемесін баяндаған.

 Содан кейін мақалада ұйғырлар туралы сипаттама береді: «…Өздерін мәдени және этникалық түрде Орталық Азия мемлекеттеріне жақын сезінеді, ал олардың тілі түрікше».

«Бірақ соңғы онжылдықтарда Хань қытайларының (Қытайдың этникалық көпшілігі) Шыңжаңға жаппай қоныс аудара бастады. Бұдан ұйғырлар мәдениеті мен өмір сүруіне қауіп төніп тұрғанын сезеді» деп жазылған мақалада.

Қытайдың Шыңжаң провинциясы туралы ақпаратта: Қытайдың батысында орналасқан  елдің ең үлкен аймағы Шыңжаң:  «Пекиннен тыс өзін-өзі басқару дәрежесі бар. Бірақ іс жүзінде орталық үкіметтің негізгі шектеулері бар» делінген.

Жағдайдың қалай болғанына BBC қысқаша тоқталып өтті: «Хьюман Райтс Вотч ұйымының мәліметінше, ұйғыр азаматтары үнемі бақылауда. Тіпті олардың есіктерінде QR кодтарына дейін анықтайтын тұлғадан тану камералары тұр. Сондықтан лауазымды тұлғалар кез келген уақытта кодтарды тексеріп, бөлмеде кім бар екенін анықтай алады. Адамдар биометриялық сынақтардан да өткізілетіндігі хабарланды».

Сондай-ақ «Сезімтал» 26 елдегі, мысалы Индонезия, Қазақстан және Түркия секілді елдерде туысқандары бар адамдар туралы айтылған. Құқық топтары лагерьдегі адамдар мандарин қытай тілін үйреніп, өздерінің нанымдарын сынап, бас тартқанын айтады.

Шыңжаңның бұқаралық ақпарат құралдары толықтай жабық екенін жазған тілші, өздерінің Шыңжаңға бірнеше рет барғандарын да мақалада айтады. Онда бұрынғы сотталғандар лагерьлерде физикалық және психологиялық азаптау туралы айтып берген.

Сонымен қатар, соңғы он жылдықта Шыңжаң мен шеткері аймақтардағы жасалған бірнеше шабуылға ресми Қытай сепаратистерді кінәлі деп тапты. 2009 жылы Үрімшіде 200-ге жуық адам, негізінен хан-қытайлықтары, өлтірілді. Ал 2017 жылдың ақпан айында бес адамның өлімінен кейін қудалау күшейгендігі жазылған.

Ал Қытай тұтқындау лагерьлер бар екенін жоққа шығарады, бірақ Шыңжаң тұрғындары «кәсіби дайындықтан» өтетіндігін Қытай шенеунігі айтқаны мақалада назарға алынған.

«Қытайдағы мұсылман ұйғырларға байланысты сыни пікірлер өсіп келеді, бірақ әлі күнге дейін еш бір мемлекет сыни мәлімдемеден басқа ешқандай әрекетке бармады» деп жазады BBC.

«2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэйдың Қытайға сапарында Ұлыбритания басшысы, Шыңжаңдағы мұсылмандарға қатысты уйымдайтындығын жеткізген.

АҚШ-тағы Конгрестің Қытай бойынша комитеті Трамп әкімшілігін Шыңжаңдағы «адам құқығы бойынша дағдарыстың жалғасуына» қатысы бар шенеуніктер мен компанияларға санкция жариялауға шақырды.

Адам құқығы бойынша БҰҰ-ның жаңа басшысы Мишель Бачелеттің Шыңжаңға бақылаушыларды жіберуге талабы Пекин тарапынан қарсылықпен аяқталды» деп мақаласынының соңында басылым бірнеше деректер келтіреді .

Қытайдағы Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданында 2 млн-ға жуық этникалық қазақтар тұрады. Қазақстан азаматтары да Қытайда қамауда отырған туыстары бар екенін мәлімдеп, босатуларын сұраған. Бірақ бұған дейін Қазақстан Шыңжаңда қамалған қазақстандықтарды босату бойынша Қытаймен келіссөз жүргізіп, Қазақстан азаматтарын босатып алған, алайда Қазақстан азаматы емес этникалық қазақтарға қатысты мемлекет тарапынан әлі ешқандай қадам жасалған жоқ.

arasha.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.