25-08-20 |
820 рет қаралған
Үздік елдер рейтингінде Қазақстан Гватемаладан кейін 66 орында тұр.
Үздік елдер рейтингінде Қазақстан Гватемаладан кейін 66 орында тұр

Фотоколлаж Tengrinews.kz

US News & World Report басылымы жыл сайын үздік елдер рейтингін жариялайды. Олардың пайымынша 2020 жылы әлемдегі ең жақсы ел Швейцария екен.  Одан кейінгі үздік ондыққа Канада, Жапония, Германия, Австралия, Ұлыбритания, АҚШ, Швеция, Нидерланды және Норвегия кіреді. Ал Қазақстан бұл тізімде Гватемала мен Гананың ортсына 66 орынға жайғасыпты.

Рейтинг мынандай талаптар бойынша құрылыпты:
1) кәсіпкерліктің дамуы;
2) туристер арасында танымалдық;
3) өз азаматтарына қарым қатынас (адам құқығын қорғау, экология және гендерлік теңдік);
4) мәдени ықпалы;
5) тарихи мұра;
6) даму патенциялы;

7) бизнеске ашықтық;
8) әскери күші;
9) өмір сапасы.

Қазақстан өткен жылмен салыстырғанда екі сатыға көтерілген екен. Еліміз 9 талаптың 7- де көрсеткішін жақсартыпты. Қазақстан әскери күші жағынан (36 орында), даму потенциалы (42 орында) бизнеске ашықтық тұрғысында (65 орында). Алайда мәдени ықпалы (72 орында), кәсіпкерлікті дамтуда (71 орын алады), туристерге танымалдық жағынан (70 орында), өз азаматтарына қарым қатынас (70 орында), тарихи мұра (70 орын иеленген).

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.