20-03-20 |
550 рет қаралған
Қазақстанда коронавирусқа қатысты жаңа сайт іске қосылды.
Қазақстанда коронавирусқа қатысты жаңа сайт іске қосылды

Коронавирус жайлы жаңа сайт іске қосылды. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев хабарлады.

«Бұл ресурста төтенше жағдай бойынша, карантин кезіндегі тәртіп пен мемлекеттің коронавирусқа қарсы жасап жатқан шаралары жөнінде, сондай-ақ, желіде тараған жалған мәліметтерді теріске шығару және т.б. барлық өзекті ақпараттар жинақталады.

Оған қоса, сайтта аурудың алдын алу, белгілері, аурудың алғашқы белгілері байқалғанда жасау керек әрекеттердің ережелері жарияланған және бұл мәліметтер азаматтар пайдаланып, тарату үшін инфографика, нұсқаулықтар түрінде берілген.

Азаматтар үшін сайтта арнайы сұрақ-жауап айдары болады, ол жерде әрбір пайдаланушы өзіне қажетті сауалына жауап ала алады» дейді министр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.