17-01-21 |
550 рет қаралған
Досым Сәтпаев: «Дағдарысқа қарсы менеджер ретінде де Мамин ешнәрсе жасамады».
Досым Сәтпаев: «Дағдарысқа қарсы менеджер ретінде де Мамин ешнәрсе жасамады»

Маминнің басшылығындағы министрлер кабинетінің жұмысын саясаткерлер сынға алды. «Біз кеше жасалуы керек нәрсені әлі жасаған жоқпыз. Сондықтан бұл жыл өте ауыр болады» деген болжамдар жасала бастады.

Саясат сахнасындағы танымал тұлғалардың бірі Асқар Мамин ең қиын шақта үкімет басында болды. Бүкіл әлемдік пандемия, карантин, халыққа әлеуметтік көмек көрсету мәселесін шешу оған қиынға соққанын айтты саясаткерлер. Мамандардың сөзінше, министрлер ауысып, коронавирустық инфекцияны бақылау мүмкін болмаған кез де Маминнің үкімет басы болған кезіне тап келуінің өзі қиын мәселе.

«Бар нәрсені ашық айту керек. Көктем мен жаздың басында министрлік абыржып қалды. Шенеуніктер не істеу керек екенін білмей шарқ ұрды. Үкімет мәселені шешуі керек болды. Тіпті қолдарында ресурстары болмаса да жағдайдан шығу керек болды. Бірақ олар күн сайын «Біз осындамыз, біз осындамыз, біз осындамыз, бізді ұмытпаңыз» деп қайталаумен болды. Мамин үкімет басында отырғанда мынандай жетістікке қол жеткіздік деп нақты айта алмаймын», – деді Ғазиз Әбішев.

Саясаткерлер Маминнің қызметінде айтарлықтай жетістік болмағанын айтты. Олар үкімет басшысы үшін бұл жыл тіпті қиын болатынын жеткізді. 

«Тәуелсіздіктің алғаннан бастап, әр жыл сайын болған премьер-министрлерден Асқар Мамин ерекшелене алмады. Не реформатор ретінде, тіпті дағдарысқа қарсы менеджер ретінде де Мамин ешнәрсе жасамады. Биылғы 2021 жыл экономикалық тұрғыдан өте қиын болатынын ескерсек, Маминнің орнында болғым келмейтін еді. Біз кеше жасалуы керек нәрсені әлі жасаған жоқпыз. Сондықтан бұл жыл өте ауыр болады», – дейді Досым Сәтпаев.

Дереккөз: Stan.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.