17-01-21 |
870 рет қаралған
Елімізде бір тәулікте мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды.
Елімізде бір тәулікте мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды

Денсаулық сақтау министрлігі таратқан мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда өткен тәулікте 978 адамда коронавирус індеті анықталды, деп хабарлайды Coronavirus2020.kz.

Елімізде індет жұқтырғандар саны азаймай отыр. Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл аймақта». Елордамен қатар, коронавирус жұқтыру бойынша қауіпті мекендер қатарында Ақмола мен Қостанай облыстары бар. Алматы, Атырау Батыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облыстары бүгінде «сары аймақта». Еліміздің өзге өңірлері «жасыл аймақта».

Аймақтар бойынша соңғы мәліметтер:

Нұр-Сұлтан қаласы – 128,

Алматы қаласы – 115

Шымкент қаласы – 13

Ақмола облысы – 79

Ақтөбе облысы – 7

Алматы облысы – 92

Атырау облысы – 91

Шығыс Қазақстан облысы – 30

Жамбыл облысы – 23

Батыс Қазақстан облысы – 46

Қарағанды облысы – 57

Қостанай облысы – 72

Қызылорда облысы – 3

Маңғыстау облысы – 17

Павлодар облысы – 135

Солтүстік Қазақстан облысы – 54

Түркістан облысы – 16

Пандемия кезінде жалпы ел бойынша ауырғандар саны 168096-ке жетті. Қауіпті вирус жұқтырғандармен қатар, оның салдарынан көз жұмғандардың да саны артты. Күні кеше республика бойынша коронавирустан 11, КВИ белгілері бар пневмониядан бір қайтыс болды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.