06-04-21 |
680 рет қаралған
Мамин: Қыркүйекте дейін 10 млн адамға екпе егу жоспарда бар.
Мамин: Қыркүйекте дейін 10 млн адамға екпе егу жоспарда бар

Елімізде айына 2 млн адамға вакцина салынады. Премьер-Министр мәліметінше, биылғы жылдың қыркүйек айына дейін вакцина алу санатына жататын 10 млн қазақстандыққа екпе егіледі.

«Қазіргі біздің басты міндетіміз елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақты ету және вакцина алушылардың санын арттыру. Сәуір, мамыр және маусым айларында өңірлерде ай сайын 2 млн адам екпемен қамтамасыз етіледі. Ал қыркүйекте вакцина алу санатына жататын 10 млн адамға екпе егуді аяқтауды жоспарлап отырмыз. Сол арқылы ұжымдық иммунитет әсерінің оңалуын күтеміз», – деді ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында. 

Үкімет басшысының айтуынша, ауруханаларда дәрі-дәрмектердің айлық қоры бар. Атап айтқанда, СК «Фармация» қоймаларында және дәріханаларда 2 айлық қор жасалынды. Сол секілді барлық өңірлерде 3 айлық дәрі-дәрмектердің, жеке қорғаныс құралдар мен шприцтері бар тұрақтандыру қорлары құрылды.

«Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге вакцина алушылардың санын арттыру мен екпемен қамтамасыз ету шараларын қабылдауды тапсырамын. Сол сияқты Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі өңір әкімдіктерімен бірлесіп халыққа вакцинаның маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруды жүктеймін. Сондай-ақ, сәуір айының аяғына дейін ел аумағында Ashyk жүйесін енгізуді тапсырамын», – дейді ол. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.