02-02-21 |
830 рет қаралған
Мүгедек жандарға күтім жасаушыларға жаңа жәрдемақы енгізіледі.
Мүгедек жандарға күтім жасаушыларға жаңа жәрдемақы енгізіледі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бірінші топтағы мүгедектерге күтім жасайтын адамдар үшін, жаңа жәрдемақы енгізілетінін хабарлады. Еліміздегі 24 мыңнан астам адам жаңа мүмкіндікті пайдалана алады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Министрлік мүгедектігі бар жандарды қолдаудың оңтайлы тетіктері ұсынылды. Сондай-ақ, көтерілген мәселерді қабылдауда бюджет қаражатын қосымша бөлуді қажет етпейтінін атады.

«Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік жетілдіру. Әлеуметтік қызметтер арқылы инвотакси және арнаулы әлеуметтік қызметтерді алуға құжаттарды рәсімдеу, табысы аз отбасыларды кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету мәселелерін әзірледі.ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік ШӘПКЕНОВ.

Елімізде кәмелет жасына толмағандар арасында 20 мың адам пәтер кезегінде тұр.

«Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылуы бойынша жәрдемақыларды бір мезгілде алу құқығын беру. Бұл асыраушысынан айырылған және құрамында мүгедек балалары бар отбасылардың табыс деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Аталған норма енгізілген кезде 2 мыңнан астам бала мүгедектігі бойынша жәрдемақымен қоса, асыраушысынан айрылуы бойынша жәрдемақы алатын болады»,- деді Серік ШӘПКЕНОВ.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.