13-10-20 |
410 рет қаралған
ҚР АШМ: Құс тұмауы бойынша өтемақы төлене бастады.
ҚР АШМ: Құс тұмауы бойынша өтемақы төлене бастады

Қазақстанда құс тұмауынан зардап шеккен шаруашылық иелеріне өтемақы төлене бастады. Бұл жайында бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тұрсын Қабдолданов мәлімдеді.
«Ауыл шаруашылығы министрлігі ағымдағы жылдың 7 қазанында облыс әкімдіктеріне құс тұмауынан өлген құстардың орташа нарықтық құнын өтеу үшін құжаттар пакетін қалыптастыру кезінде жеке қосалқы шаруашылық иелеріне көмек көрсету қажеттілігі туралы хат жолдады. 11 қазанда 2 585 құс бойынша құжаттар дайындалды, өтемақының жалпы сомасы 8 878 364 теңгені құрады», – деді ол.
Жалпы елімізде қазіргі уақытта 46 миллион құс бар. Індет кезінде оның 0,9 пайызы қырылып қалған. Мамандар вирус суыққа төзімсіз болғандықтан аяз түсе аурудың таралуы тоқтайды деп отыр. Естеріңізге сала кетейік, елімізде құс тұмауына байланысты 7 облыстың 78 елді мекенінде карантин енгізілген болатын.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.