05-11-20 |
470 рет қаралған
Венадағы терактіге қатысы бар 14 адам ұсталды.
Венадағы терактіге қатысы бар 14 адам ұсталды

Австрияның ішкі істер министрі Венадағы теракті жөнінде мәлімдеме жасады. Ведомство басшысы Карл Нехаммердің айтуынша қазір лаңкестік әрекетке қатысы бар 18 бен 28 жас аралығындағы 14 адам ұсталған. «Қамауға алынғандардың арасында Австрияның азаматтары да болды. Оларға лаңкестік ұйымдарға қатысы бар деген айып тағылып отыр», – деді ішкі істер министрі. Вена полициясының басшысы Герхард Пюрстль ұсталғандардың қос азаматтығы болғанын атап өтті. Қаланың астан-кестенін шығарған күдіктілердің Бангладеш, Македония, Түркия және Ресей елдерінен шыққаны анықталды.
Естеріңізге сала кетейік, 3 қарашада Вена қаласында бірнеше нысанға шабуыл жасалған болатын.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.