23-12-19 |
530 рет қаралған
Билік игерілмеген бюджет қаражатын халыққа таратып бере ме?.
Билік игерілмеген бюджет қаражатын халыққа таратып бере ме?

фото: zakon.kz

Ресей мемлекеттік думасының депутаты, «Справедливая Россия» фракциясының жетекшісі Сергей Миронов игерілмеген 1 триллион рубльді халыққа таратып берейік деген ұсыныс тастапты. Депутаттың бұл ұсынысын орыс баспасөзі жарыса жариялады.

«Бәлкім әділ қадам жасап, қоғамның үлкен жіктелісін, ондаған миллион азаматтың кедейшілікте өмір сүріп жатқанын есепке алып, триллион ақшадан адамдарға 13 айлық, 13 зейнетақы, 13 шәкіртақы берерміз» депті Миронов.

Ресейдің есеп комитетінің есебінше, биыл шамамен 1 триллион рубль игерілмей қалған.

Қазақстанда да жыл сайын миллиардтаған бюджет қаржысы игерілмей жатады. Мәселен, биыл қараша айында қаржы министрі Әлихан Смайылов мемлекеттік мекемелер 95 миллиард теңге қазына қаржысын игермегендігін жария еткен. Қаржы министрінің үкімет отырысында айтқан сөзінен соң, министрліктер мен облыс әкімдері жыл соңына дейін игерілмеген қаржыны жүз пайыз игереміз деп уәдені үйіп-төккен. Ал уәде орындалмаса, тағы да игерілмеген миллиардтар қалады. Осы игерілмеген қаражатты халыққа айлық, зейнетақы, шәкіртақы, жәрдемақы етіп таратып беру туралы ұсынысты біздің депутаттар көтере ала ма?

Біздің ше, депутаттардың ешқайшысы, тіпті атақ үшін болса да ондай ұсыныс көтермейтіні белгілі. Миронов айтқан Ресейдегі халықтың жағдайы Қазақстанмен ұқсас: Біздің елде де байлар мен кедейлердің арасы тым алшақтаған. Әрең күнелтіп отырған адамдардың да саны көп. Оған көп балалы отбасылар, әлеуметтік жағынан аз қамтылған жанұяларды, жұмыссыздарды қосыңыз. Демек ақшаға өте зәру адамдар бізде де жетеді. Ал Миронов «әлгі игерілмеген триллион рубльді елге таратып берсек, олар мемлекеттің қамқорлығын сезер еді» дейді.

Бдюжет қаржысы дегеніміз азаматтардың салығы есебінен жиналады. Яғни, халықтың ақшасы.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.