20-04-20 |
810 рет қаралған
42 500 теңге алуға 7 миллион 990 мың адам өтініш берген.
42 500 теңге алуға 7 миллион 990 мың адам өтініш берген

20 сәуірдегі жағдай бойынша 42500 әлеуметтік көмекті алуға 7 миллион 990 мың адам өтініш берген. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Министрлік деректеріне қарағанда, 3 млн 692 мың адамға 42500 теңге берілген. Өтініш берушілердің ең көп саны: Алматы облысы – 1 млн; Түркістан облысы – 990,7 мың;  Алматы қ. – 892,8 мың; Нұр-Сұлтан қ. – 590,8 мың; Шымкент қ. – 532,2 мың.

Ал әлеуметтік жәрдемақы ең көп тағайындалған аймақтар қатарына Алматы облысы – 534,1 мың; Түркістан облысы – 436,6 мың; Алматы қ. – 364 мың кірген.

Сондай-ақ министр Біржан Нұрымбетов 42500 теңге үшін ешкім жауапқа тартылмайтынын да бүгін хабарлады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.