18-04-20 |
510 рет қаралған
42 500 теңгені кімдер ала алмайды?.
42 500 теңгені кімдер ала алмайды?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен әлеуметтік төлемдер жүргізу ережесіне  нақтылаушы өзгерістер енгізілді.

Министрлік нақтылаушы өзгерістерде 42 500 теңге кімдерге берілетіні және кімдерге берілмейтінін нақты көрсеткен.

 

42 500 теңге төлемі келесі азаматтар санатына тағайындалады:

– жеке кәсіпкерлерге және шағын-орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне;

– карантин енгізілген елдімекендерде қызметін жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне;

– мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, коммерциялық емес заңды тұлғалардың жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне;

– жеке тәжірибемен айналысатын тұлғаларға (нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар);

– ҚР Салық кодексінің 774 бабына сәйкес, Бірыңғай жиынтық төлем (әрі қарай – БЖТ) төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға;

– нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы (АҚС) шарттар бойынша табыс табатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын аударған адамдарға жүзеге асырылады.

– 1) және 2) тармақшаларының ұлттық басқару холдингтердің, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың қызметкерлеріне қатысы жоқ.

 

42 500 теңге әлеуметтік төлемді ала алмайды:

– ТЖ енгізілгенге дейін Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспаған азаматтар (олар үшін жұмыс берушілер немесе өзі үшін ЖК аударым жасамаған);

– Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспаған БЖТ төлеушілер (ресми түрде өзін жұмыспен қамтушы азаматтар ТЖ енгізілгенге дейін төлеу керек болса, бейресми түрде өзін жұмыспен қамтушы азаматтар әлеуметтік төлемге өтінім берер алдында БЖТ төлеу керек);

– АҚС шарттары бойынша табыс алатын, бірақ ТЖ енгізілгенге дейін зейнетақы жарнасын  жасамаған жеке тұлғалар;

– екі жұмыс орнында жұмыс істеген азаматтар, соның ішінде кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтар, егер олар бір жұмыс орнында болсын қашықтан жұмыс істеуді жалғастырса;

– ТЖ енгізілгеннен кейін БЖТ алғаш төлеген азаматтар, егер олар зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақыларды алатын болса;

– басқа елге тұрақты тұруға көшуге байланысты тіркеуден шығарылған адамдар.

 

Үкіметтің төтеннше жағдай кезінде табысынан айырылған азаматтарды қолдау ісі қоғамда үлкен дауға, түсінбеушілік соқтырды. Әуелде әлеуметтік төлемді онлайн алудың тәртібі бірнеше рет өзгерді. Одан соң үкіметтің өтініш беруге арналған электронды жүйелері қайта-қайта істен шықты әрі төлем алғысы келетін азаматтардың легін көтере алмады. Мұның бәрі жұртты әбіргерге салды. Төлемдер төлене бастаған кезде «42 500 теңгені табысы бола тұрып алғандарға іс қозғалады» деген сөз тарап, ол халықты шошытып жіберді. Сөйтіп қудалаудан қорыққан ел ақшаны қалай қайтарамыз және шабылды. Осының бәрі түптеп келгенде үкімет жұмысының сын сағатта сын көтермейтінін анық көрсетті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.