28-09-19 |
580 рет қаралған
ЕАЭО-ның ортақ ақшасы рубль бола ма?.
ЕАЭО-ның ортақ ақшасы рубль бола ма?

Ресей жақтан еуразиялық экономикалық одақтың ортақ валютасы жайлы тағы да сөз шықты. Бұл жолы ортақ ақша туралы еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Андрей Бельянинов сөз алыпты.

«Российская газета» журналисі Бельяниновпен сұхбат барысында: «Андрей Юрьевия, ЕАЭС-тің ортақ валютасына өту үшін бірінші қадам – алтынға ҚҚС мөлшерлемесін нольге түсіруді ұсынған едіңіз. Солай болды да. Ортақ валютаға өтудің ендігі қадам қандай болады? Рубль ме, алтын ба?», – деп сауал тастайды. Бельяниновтың да күткені сол болса керек «Атауы туралы қиялдау беруге болады. Бірақ ол неге керек? Меніңше, рубль. Өйткені рубль бес елдің экономикалық кеңістігінде кеңінен қолданылады» депті.

Бельяниновтың сөзіне сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов жауап қатып бүй депті: «Оның ЕАЭС-ке ортақ валюта енгізуді талқылауға мандаты жоқ, болмайды да деп ойлаймын. Бұл Андрей Юрьевичтің сапаршы ретіндегі өз пікірі. Ондай пікірді әркім айта алады». Билікшіл блогерлер «Бельяниновты Сұлтанов орнына қойды» деп қуанғанымен министрдің жауабы екіұштылау шыққан. Мәселен, оның сөзіне қарағанда ортақ валюта мәселесін қолында әлдеқандай мандаты бар адамдар талқылауы мүмкін екен. Яғни, Сұлтанов ортақ валюта «ешқашан болмайды! Андрей Бельянинов армандамасын» деп кесіп айтпайды. Ал Ресей болса арагідік әртүрлі адамдардың аузымен ортақ валюта мәселесін қозғап келеді. Кремльдің көкейін тесіп, көксегені не екені мәлім.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.