13-11-19 |
1560 рет қаралған
Халықтың ақшасын бақылау: Досаев Смайыловты қолдайды.
Халықтың ақшасын бақылау: Досаев Смайыловты қолдайды

Халықтың банк төлем карталары арқылы аударымын бақылауды ұлттық банк қаржы министрлігімен бірлесе шешпек. Бұл туралы ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты.

«Қаржы министрлігі салық салуды аударымдардан салық төленіп отыр ма соны көргісі келеді деп ойлаймын. Бұл мәселені қаржы министрлігімен бірлесіп шешеміз. Төлем карталарын қолдану өскен сайын салықта көбеюі керек» депті Досаев.

Сондай-ақ Досаев банк карталары аударымдарын бақылау мәселесі қаржы министрлігінің бастамасы екенін, бұл бастама банктер қауымдастығымен талқыланып жатқанын айтқан. Карта аударымдарын тексеру тек қана kaspi bank карталарына ғана емес, барлық банктерге қатысты болмақ.

Бұған дейін қаржы министрі Б.Шолпанқұлов халықтың банк карталары аударымдарын бақылауға алу туралы айтқан. Бүгін осы мәселеге орай депутат Азат Перуашев қаржы министрі Ә.Смайыловтың атына депутаттық сауал жолдады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.