20-03-20 |
610 рет қаралған
Назарбаевтың үндеуінен кейін Өтемұратов, Құлыбаев, Боранбаев миллиондаған қаражат бөлді.
Назарбаевтың үндеуінен кейін Өтемұратов, Құлыбаев, Боранбаев миллиондаған қаражат бөлді

Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Н.Назарбаевтың үндеуінен соң, елдегі ең бай адамдардың тізімінен түспейтін Тимур Құлыбаев, Қайрат Боранбаев және Болат Өтемұратов коронавирусқа байланысты қаражат бөлгендерін хабарлады.

Мәселен, кәсіпкерлер Тимур Құлыбаев пен Қайрат Боранбаев коронавируспен күреске 1 миллиард теңге бөлген. Бұл қаражат Алматы және Нұр-Сұлтан қаласы әкімшіліктері арқылы таратылады.

Ал Болат Өтемұратов болса, коронавируспен күреске 1 миллион АҚШ долларын бөлген. Бұл туралы «Верный капитал» компаниялар тобының баспасөз қызметі хабарлады. Өтемұратовқа тиесілі аталған компаниялар тобы қаражатты коронавируспен күресу үшін құрылатын  республикалық қорға аудармақ.

Осылайша, осы уақытқа дейін үнсіз жатқан елдегі ең бай адамдар Назарбаевтың үндеуінен соң, бірден коронавирусқа ақша бөлуге кірісіп кетті. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.