17-03-20 |
530 рет қаралған
Үкімет несие төлемі бойынша қандай шара қабылдады?.
Үкімет несие төлемі бойынша қандай шара қабылдады?

30 күнге созылатын төтенше жағдайға байланысты қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі шағын және орта кәсіпкерлерге және жалпы халықтың несиелері бойынша бірқатар шара қабылданатынын хабарлады. Бұл туралы агенттік төрайымы Мәдина Әбілқасымова (суретте) айтты.

Атап айтқанда, президенттің тапсырмасына орай кепілсіз тұтынушылық кредиттеудің шамадан тыс өсуіне жол бермеу бойынша тапсырмасын іске асыру шеңберінде, төтенше жағдай кезеңінде және бұдан әрі заңнамалық деңгейде жеке тұлғалардың барлық кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен кезде сыйақы есептеуге тыйым салу енгізілмек.

«Жеке тұлғалардың кредиттік тарихын қалпына келтіру үшін, 50%-дан астам
мерзімі өткен берешекті 12 айда өтеген және міндеттемелерді кейіннен орындаған жағдайда қарыз алушы үшін жағымсыз кредиттік тарихты түзету бойынша мүмкіндік көзделеді» – деп хабарлады М. Әбілқасымова.

Сондай-ақ, агенттік төрайымы шағын және орта кәсіп ұйымдары үшін 90 күнге несие төлемдері шегерілетінін хабарлады.

«Соған байланысты, жеке және заңды тұлғалардың қарыздары мен
микрокредиттері бойынша төлемдер мерзімінің өтуі төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты туындаған кезде айыппұлдар мен өсімпұлдар есептелмеуге тиіс. Бұл норма жеке және заңды тұлғаларға банктер ғана емес, ломбардтарды және кредиттік серіктестіктерді, сондай-ақ қарыз беретін барлық кредиторларды қоса алғанда, барлық микроқаржы ұйымдары берген қарыздарға қолданылатын болады. Осыған орай, банктер және микроқаржы ұйымдары төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қаржылық жағдайы нашарлаған дара кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес субъектілеріне негізгі борыш пен сыйақыны қоса алғанда, төлемдер мерзімін 90 күнге дейінгі мерзімге кейінге қалдыру жұмысын жүргізуге тиіс» – деді М. Әбілқасымова.

16 наурызда коронавируске байланысты елде төтенше жағдай жарияланды. Президент халыққа үндеу жасады. Президент үндеуінен кейін әлеуметтік желіде кәсіпкерлерді және халықты несиеге байланысты уақытша жеңілдіктер қарастыру туралы айтылмағаны, қандай да бір шешімнің қабылданбағаны жайлы қызу талқыланған еді. Бүгін үкімет жоғарыдай шешімге келіп отыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.