22-01-20 |
510 рет қаралған
Валюта айырбастау: Ұлттық банктің талабы заңға қайшы.
Валюта айырбастау: Ұлттық банктің талабы заңға қайшы

Ұлттық банк валюта айырбастау орындарына және ақша айырбастау ережесіне жаңа талап енгізгені белгілі. Осыған байланысты 22 қаңтарда «Ақ жол» партиясы үкіметке сауал жолдады. 

Депутат  Меруерт Қазбекова қаржылық бақылау агенттігіне жолдаған сауалында: «Ұлттық Банктің клиенттің жеке деректерін есепке алу жөніндегі талабына келетін болсақ, бұл норма «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, жеке деректерді жинаудың, өңдеудің және қорғаудың ерекшеліктері тек заңдармен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен реттеле алады деген талапты бұзады деп санаймыз» делінген. Депутат агенттіктен валюта айырбастау мәселесін кәсіпкерлермен бірлесе отырып қайта қарауға шақырған.

Ұлттық банктің валюта айырбастау саласына қатысты жаңа талабы 1 ақпаннан бастап жүзеге асады. Оған дейін «Ақ жол» партиясының сауалында айтылғандай, талаптың қайта қаралуы екіталай. Партия валюта айырбастауға қатысты жаңа талап жайлы қоғамда сөз бола бастағанда-ақ неге араласып, сол кезде сауал жолдамағаны түсініксіз.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.