10-03-20 |
450 рет қаралған
Ұлттық банк теңгені құлдыраудан құтқаруға көшті.
Ұлттық банк теңгені құлдыраудан құтқаруға көшті

9 наруызда әлемде мұнай бағасы күрт төмендеп бірден 30% арзандап, баррелі $45 до $31,02 түсті. Бұл бүкіл әлемді әп-сәтте әбігерге салды. Мұнайдың арзандау себебі, Ресейдің ОПЕК-тің алдындағы міндеттемелерін орындамауы болған. Өз міндеттемелерін орындамаған Ресейге Сауд Арабиясы мұнай өндіруді күрт өсіріп, мұнай бағасын түсіріп жіберген. Мұнай бағасының күрт құбылуы қара алтынға иек артып, күнелтіп отырған Қазақстанды естен тандыра жаздады. Президент Тоқаев кеше дереу жиналыс өткізіп, экономикадағы ахуалға қатысты үкіметтің шұғыл комиссиясын жасақтады. Және үкімет пен ұлттық банк бірлесіп «жұмыс орындары сақталатынын, әлеуметтік төлемдер бойынша үкімет өз міндеттерін орындайтынын, тіпті жаңа жұмыс орындары да ашыла беретінін» айтып елді дүрлікпеуге шақырды.

Әлбетте, экономисттер түрлі болжамдарды қарша боратып жатыр. Бүгін мерекеден кейінгі алғашқы жұмыс күні ұлттық банктің шұғыл жаңалығымен басталды. Ұлттық банк теңгенің күрт құлдырауын болдырмау мақсатында базалық мөлшерлемені 12% көтерді. Енді бас банк теңгенің тұрақтылығын сақтау үшін интервенция жасауы мүмкін. Яғни, теңгені құлдыраудан құтқару үшін үлкен қаржы жұмсалады деген сөз.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.