27-02-24 |
3230 рет қаралған
Алматыда көше шамдарын ұрлау  белең алып барады.
Алматыда көше шамдарын ұрлау  белең алып барады

Алматыда сыртқы жарықтандыру тіректеріндегі қарау люктерін ұрлау көбейді. «Алматы Қала Жарық» МКК хабарлағандай, осыған байланысты 2023 жылдың күзінен бастап шам бағанасындағы 2000-нан астам люк ауыстырылды.

Люк – шам бағанының түбіндегі металл қақпақтар. Бұл жерде шамның сымдар магистральдық кабельге қосылады. Олар желілерді жөндеу, кабельді ауыстыру және басқа жұмыстар үшін қажет.

Сонымен қатар, қаскүнемдер сыртқы жарықтандыруды басқару шкафтарын жиі бұзады, соның кесірінен көшелерде тоқ болмай қалады.

«Біздің бригадалар шақыртуларға шығып, сыртқы жарықтандыруды басқару шкафындағы сымдардың кесілгенін, ажыратқыштардың сынғанын немесе алынып тасталғанына, басқа жабдықтардың ұрланғанын немесе бүлінгенін көреді. Мұндай фактілер, әрине, сыртқы жарықтандыруды қалпына келтіру үдерісін тежейді», – деді МКК басшысының орынбасары Вадим Макаров.

Қаскүнемдер торшерлі тротуар шамдарын жиі да сындырады. Осыған байланысты кей тіректерге «вандалға қарсы» шамдар орнатылады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.