27-11-19 |
580 рет қаралған
Астанада садақа салатын терминал іске қосылды.
Астанада садақа салатын терминал іске қосылды

фото: ақпарат және қоғамдық даму министрі Д.Абаевтың парақшасынан алынды

Нұр-Сұлтан қаласындағы Әлжан ана мешітінде адамдардың қайыр-садақасын қабылдайтын терминал іске қосылды. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев хабарлады.

«Бүгін Елордамыздың көрікті мешіттерінің бірі «Әлжан ана» мешітінде азаматтардың қайырымдылығын қабылдауға арналған электрондық терминалдың тұсау кесу рәсімін өткіздік.

Өздеріңізге мәлім, қазан айында өткен ІІІ республикалық имамдар форумында ҚМДБ қаржы қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету жөнінде мәселе көтерген болатынмын. Бұл бағытта Министрлік тарапынан Діни басқармамен бірлесіп нақты жұмыстар жасалып, бүгінде Нұр-Сұлтан қаласының барлық 12 мешітінде осындай терминалдар орнатылды.

Азаматтарды алдағы уақытта қайырымдылық қаражатын мешіттердегі арнайы терминалдар арқылы енгізуге шақырамын. Аталған бастама Алматы, Шымкент қалаларының мешіттерінде, кейіннен барлық облыс орталықтарында жалғасады.

Бұл жаңалықты қосымша қиындық деп емес, ашықтыққа, дамуға жасалған маңызды қадам деп түсінген жөн. Имамдарымыз келушілерге терминалдар туралы түсіндіріп, мешіт әкімшілігі терминалды пайдалану бойынша көмек көрсететін болады», – деп жазады министр өзінің фейсбуктегі парақшасында.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.