24-01-24 |
4750 рет қаралған
Буаз киіктерді атуды тоқтату керек – депутат.
Буаз киіктерді атуды тоқтату керек – депутат

Құзырлы орындар «азайту дегенді аяусыз қыру» деп түсінген сияқты. Таяуда Ұлытау облысы, Жаңарқа ауданы, Қызылжар ауылы «Охотзоопром» ӨБ» қызметкерлерінің киік санын азайту желеуімен буаз киіктерді атып жатқаны жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерболдат Сатыбалдин Үкімет отырысында айтты.

Оның айтуынша, елдің наразылығы орынды. Обал мен сауапты айыра білетін ел, іргесінде болып жатқан мұндай сұмдыққа шыдай алмаған.
«Охотзоопром» ӨБ» қызметкерлерінің жасаған бұл қадамына құзіретті орындар құқықтық бағасын беру керек. Себебі, аталған мекеме қызметкерлері салалық министрлік қабылдаған регламентке сай жұмыс атқармағаны белгілі болды. Регламент бойынша, бірінші, ақбөкендер ауыл маңына 10 шақырым жақындағанда жауапты мекеме қызметкерлері елді дүрліктірмей, халыққа бірінші кезекте құлақтандыру, ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу керек. Екінші, ақбөкендердің популляциясын шектеу шараларын орындау – жаппай қыру емес. Ақбөкендер табынын санитарлық реттеу үшін ақсақ-тоқсағын, кәрі-құртаңын, ауру-сырқауын бірінші нысанаға алу керек. Үшінші және ең бастысы ақбөкенді буаз кезінде азайту шаралары жүзеге асырылмау керек», – деді депутат.

Ерболдат Сатыбалдин аталған жайттарды ескере келе мынадай ұсыныстар айтты:

  • ҚР Бас Прокуратурасы мәселенің мәнін терең қарастырып, «Охотзоопром» ӨБ» қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне құқықтық бағасын беруді талап етеміз;
  • ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне: киік санын азайтуға бағытталған шараларды толық пысықтап, тиісті регламентке өзгерістер енгізуін ұсынамыз.
  • Тиісті регламентке киіктердің табынын реттеуді ақбөкеннің лағы аяқтанған кезең мен күйекке түсер мезгіл арасында, яғни қазан, қараша айларында жүзеге асырылуы тиіс деген өзгеріс енгізілуі қажет.
  • Киікті атудың маусымдық шараларын жүзеге асыруда жауапсыздық танытқан қызметкерлерге шара қолдануын талап етеміз!
БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.