Қазақстанда көп балалы отбасыларға пәтер беру басталды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Пәтер берудің алғашқы күні республика бойынша 249 пәтер берілген. Қазіргі кезде алғашқы 24 пәтер Нұр-Сұлтан қаласында, 15-і Шымкент қаласында берілген. Павлодар облысының көп балалы отбасыларына — 76, Қарағанды облысында — 27, Ақтөбе облысында — 25, Алматы облысында — 20, Маңғыстау облысында — 18, Жамбыл облысында — 17, Шығыс Қазақстан облысында — 11, Батыс Қазақстан облысында — 10, Ақмола облысында — 6 пәтер берілді.Биыл мамыр айында жалпы елімізде 2019 жылға жоспарланған 6 мың көп балалы отбасының 1,2 мыңын баспанамен қамтамасыз ету көзделген.
15 мамыр күні Атырау облысындағы 50 көп балалы отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланған.
Жергілікті атқарушы органдардың берген мәліметіне сәйкес, 32 мың көп балалы отбасы баспана алуға кезекте тұр.
Көп балалы және аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша алға қойылған міндеттердің іске асырылу барысы үкіметтің ерекше бақылауына алынған.
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024