Біз
әлеуметтік
желіде
19-06-25 |
600 рет қаралған
Көкшетау әкімінің кеңесшісі қоғамдық резонанстан кейін қызметінен кетті.
Көкшетау әкімінің кеңесшісі қоғамдық резонанстан кейін қызметінен кетті

Бар мәліметтерге сәйкес, ол қызметінен өз еркімен кеткен. Қазіргі уақытта әкімдіктегі бұл лауазым бос тұр.

26 жастағы Айым Турапекова Көкшетау әкіміне коммуникациялар жөніндегі кеңесші қызметінен отставкаға кетті, деп хабарлады KazFace.kz.

Айым Турапекованың маусым айының басында әкім кеңесшісі ретінде тағайындалуы қоғамда кең резонанс туғызған еді.

PRO КАДРЫ KZ Telegram-арнасы жариялаған өмірбаянына сәйкес, Айым Турапекова 1999 жылы 1 қаңтарда Павлодар облысында дүниеге келген.

2019 жылы Халықаралық бизнес университетін «экономика және құқық» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әлеуметтік желі қолданушыларын ең көп таңғалдырған дерек — оның еңбек жолын 2015 жылы Премьер-министр кеңсесінде тағылымгер ретінде бастағаны туралы мәлімет. Ол кезде оған небәрі 16 жас болуы тиіс еді.

Алайда кейінірек бұл ақпарат өзгертіліп, еңбек жолының басталуы 2019 жыл деп көрсетілді, кейін бұл бөлім өмірбаянынан толық алынып тасталды.

Айым Турапекова университетті бітірген соң Премьер-министр кеңсесінде тағылымдамадан өткенін айтып жүрген.

Алайда Премьер-министр кеңсесі Айым Турапекованың бұл мекемеде ешқашан – не 2015 жылы, не 2019 жылы – тағылымдамадан өтпегенін немесе жұмыс істемегенін ресми түрде хабарлады.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.