28-05-24 |
6380 рет қаралған
Мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру көлемі 2 есеге артты .
Мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру көлемі 2 есеге артты 

Энергетика министрлігінің мәліметінше, 4 айда елімізде мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есеге артып, 213 мың тоннаға жетті. Өсім саладағы барлық өнімдер бойынша байқалады.

Үкіметтің жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жүктемесін ұлғайту жөніндегі шаралары жыл соңына қарай 628 мың тоннадан астам мұнай-газ-химия өнімін шығаруды қамтамасыз етеді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 75% деңгейіндегі өсім.

Саланы 2029 жылға дейін дамыту шеңберінде шамамен $14,3 млрд қаржыға 5 ірі жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бұл экономиканың жыл сайынғы өсімін 1,5%-ға қамтамасыз етуге, сондай-ақ 20 мыңға жуық жұмыс орнын (17 мың – құрылыс сатысында, 3 мың – пайдалану сатысында) құруға мүмкіндік береді.

2024 жылы қуаттылығы 340 мың тоннаға дейінгі бутадиенді және оның туындыларын өндіру жөніндегі жобаның құрылысы басталады. Сондай-ақ ел тарихындағы ең ірі жобалардың бірі – қуаттылығы 1,2 млн тонна полиэтилен жобасы бойынша инвестициялық шешім қабылданады.

Биыл маусым айында мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған Жол картасы бекітіледі, ол шикізатпен қамтамасыз етуден бастап түпкілікті өнім шығаруға дейінгі іс-шараларды қамтиды.

Мұнай-газ химиясын ынталандыру және қолдау үшін «Мұнай-газ-химия өнеркәсібі туралы» Заңды әзірлеу мәселесі пысықталуда.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.