15-03-24 |
3160 рет қаралған
Қазаққа ұлттық буржуазия керек – Тоқаев.
Қазаққа ұлттық буржуазия керек – Тоқаев

Қазақстанды дамытуға елеулі үлес қосатын ұлттық буржуазия керек. Бұл туралы президент Атырауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда айтты.

Мемлекет басшысы өз сөзінде бюджет қаржысын үнемдеу мәселесіне тоқталды. Үкімет бұл мәселені әрдайым басты назарда ұстауы тиіс екенін шегелеп тұрып айтты.

«Қазір бюджеттің кірісі мен шығысы қайта қаралып жатыр. Қаржыны оңды-солды жұмсауға болмайды, бұл – ақиқат. Мемлекеттік мекемелердің бюджетін тексеріп отырмаса, шығыстары ұлғая береді. Мұны қатаң бақылауда ұстау керек. Тағы да қайталап айтамын. Қаражат ең қажет жобаларға, ең маңызды мәселелерді шешуге жұмсалуы қажет», – деді президент.

Президент сондай-ақ соңғы жылдары кәсіпкерлікті дамытуға айрықша мән беріліп отырғанын айтты. Басты мақсат – елімізді аймақтағы ашық нарықтық экономикасы бар маңызды орталыққа айналдыру. Осы орайда ұлттық буржуазияға зор міндет жүктеледі.

«Мен ұлттық буржуазия туралы ой-тұжырымды осыдан 24 жыл бұрын Давос экономикалық форумында атап өттім. Бұл жерде ұлттық деген сөз кәсіпкердің ұлтына емес, оның азаматтық сана-сезіміне қатысты айтылып отыр. Яғни, елімізге қоғам алдындағы жоғары жауапкершілігін сезінетін және Қазақстанды дамытуға елеулі үлес қосатын ұлттық буржуазия керек», – деді Тоқаев.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.