26-11-21 |
470 рет қаралған
Қазақша сөйлеуді талап еткен белсендінің балағаттағанын полиция дәлелдей алмады.
Қазақша сөйлеуді талап еткен белсендінің балағаттағанын полиция дәлелдей алмады

Павлодарда тұратын қоғам белсендісі, тіл жанашыры Руза Бейсенбайтегінің адвокаты Бауыржан Азанов полиция Руза Бейсенбайтегінің балағат сөз айтқанын сотта дәлелдей алмағанын хабарлады.

«Полиция қызметкерлері Руза Бейсенбай тегінің балағат сөздер айтқанын дәлелдей алмады. Біз жаңа ғана Павлодар қалалық сотында Руза апайдың Павлодар қалалық көші-қон полициясы басқармасының ғимаратында сөйлеген сөзінде балағат сөздер қолданбағанын дәлелдедік», – деп жазды Азанов.

Оның айтуынша, сот Руза Бейсенбай тегіне әлдебір ақпараттық қағаздарды жыртқаны үшін 10200 теңге аййыппұл салған. Бірақ адвокат ол протокол заңсыз, сондықтан қайта қарау туралы өтініш беретіндерін айтқан.

Қазан айының басында Павлодар Полиция департаменті белсенді халыққа қызмет көрсету орталығы маманына қатысты қорлайтын сөздер айтқаны үшін ұсталынғанын хабарлаған еді. 

 “2021 жылғы 07 қазанда сағат 15.25 шамасында Павлодар қаласының Павлов көшесі, 48 мекенжайы бойынша орналасқан ХҚКО ғимаратында қала тұрғыны ХҚКО қызметкерлерімен жанжал шығарды, бұл ретте ХҚКО маманына қатысты қорлайтын сөздер айтып, өтініштердің үлгілерін шашып тастаған. Бұл факті тіркелді және 1958 жылы туған қала тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, материал қарау үшін Павлодар қаласының Мамандандырылған сотына жіберілді. 2021 жылғы 12 қазанда сағат 13.30-да қала тұрғыны сот отырысына онлайн-режимінде қатысу үшін Павлодар қаласының Оңтүстік полиция бөліміне жеткізілді. Сағат 17.15-те адвокаттың өтініші бойынша сот отырысы 2021 жылғы 13 қазанға ауыстырылды”, – делінген болатын департамент таратқан хабарламада.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.