12-03-24 |
2270 рет қаралған
Қазақстан экономикасының өсімі 4,2​%-ды құрады.
Қазақстан экономикасының өсімі 4,2​%-ды құрады

Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларындағы жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны туралы баяндады.

Биыл екі айда экономиканың нақты секторында өсім 5,1%-ды, қызмет көрсету саласында – 3,5%-ды құрады.

Салалар арасында құрылыс, ақпарат және байланыс, көлік және қоймалауда, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібінде оң динамика байқалды.

Өңдеу салаларында өндірістің өсуі машина жасауда 23%-ға, оның ішінде автомобиль өнеркәсібінде 21%-ға және электр жабдықтарын өндіруде 45%-ға қамтамасыз етілген.

«Негізгі капиталға тартылған инвестициялардың өсу қарқыны 7,9%-ды құрады. Инвестициялар көлемі құрылыста – 2,7 есеге, білім беруде – 56%-ға, көлік және қоймалауда – 47%-ға өсті. Өңірлер бойынша ең жоғары инвестициялық көрсеткіштер Қызылорда, Түркістан, Жетісу облыстарында, сондай-ақ Астанада байқалды», — деді Н.Байбазаров.

Вице-премьер экономикалық өсуді одан әрі қамтамасыз ету үшін баса назар аудару қажет бірқатар шараларды да атап өтті. Олардың қатарында жеке инвестиция тарту, жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарын кеңейту, жаңадан іске қосу және т.б. бар.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.