26-03-24 |
3510 рет қаралған
Ветеринариялық станция мыңнан астам қызметкердің жалақысын төлемей келген.
Ветеринариялық станция мыңнан астам қызметкердің жалақысын төлемей келген

Алматы облысында прокуратураның араласуынан кейін  мыңнан астам қызметкер жалақысын алды.

Талдау барысында Алматы облысы бойынша «Ветеринариялық станция» ПВХ МКК осы жылдың қаңтар айында жалпы сомасы 223 млн теңгеге 1043 қызметкерге жалақы төлемегені анықталды.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша қызметкерлер алдындағы жалақы толығымен өтелді, жоғарыда аталған ұйымның басшысы ҚР ӘҚБтК 87-бабы бойынша 150 АЕК (553 800 теңге) мөлшерінде айыппұл салу арқылы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бүгінгі күні басшымен көрсеткен сома өтелді.

Сонымен қатар, жалақыны уақтылы төлемеген жағдайда заңнамада әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 87-бабы, сондай-ақ ҚР Қылмыстық кодексінің 152-бабы 3-бөлігі бойынша жауапкершілік көзделгенін түсіндіреміз.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.