03-02-21 |
640 рет қаралған
Ұлттық экономика министрі мәжіліс депутатынан сөз естіді.
Ұлттық экономика министрі мәжіліс депутатынан сөз естіді

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев қазақ тілінде қойылған сұраққа ресми тілде жауап бергені үшін мәжіліс депутатынан сөз естіді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мәжілісте жергілікті биліктің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейтуге арналған өзгерістер таныстырылды. Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев сұрақ-жауап кезінде ресми тілге басымдық берді. Ол қазақша қойылған сұраққа орыс тілінде жауап қатты.

Жас министрге депутат Берік Дүйсенбинов ескерту жасады.

«Сіз бүгін алғаш рет 30 жылдық тәуелсіздігі бар тәуелсіз мемлекеттің мәжілісіне келіп тұрсыз. Бірақ қазақша қойылған сұрақтардың барлығына еш рұқсат сұрамай, сырғып орыс тіліне қарай ауысып кеттіңіз. Сіз жасыңызға қарамай, 18 миллион адамның ішінен министр болуға жараған екенсіз, жасыңыз да тәуелсіздікпен шамалас. Бірақ өз ана тіліңізде жауап бермегеніңіз ұят деп санаймын. Сондықтан келесі отырыста қазақ тілінде, ана тілінде қойылған сұраққа өз тіліңізде жауап беріңіз», – деді Дүйсенбинов.

Ұлттық экономика министрі қызметіне Әсет Ерғалиев бар болғаны 34 жаста. Ол – үкімет мүшелерінің арасындағы ең жас министр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.