30-11-20 |
450 рет қаралған
Президент Қарақат Башанованы құттықтады.
Президент Қарақат Башанованы құттықтады

Президент Қ.Тоқаев 29 қарашада өткен балалар арасындағы Евровидение (Junior Eurovision-2020) конкурсында 2-орын алған Қарақат Башанованы құттықтады.

«Қарақат Башанованы «Балалар Евровидениесі – 2020» байқауында керемет өнер көрсетуімен құттықтаймын. Ол осы беделді халықаралық сайыста Қазақстанның абыройын асырып, жүлделі 2-орынды иеленді. Оның өнері әлемнің әр түкпіріндегі миллиондаған көрерменге ұнады. Қарақатқа жаңа шығармашылық табыс тілеймін!» деп жазды президент twitter-де.

Қарақат Башанова ән байқауында «Forever» («Мәңгілік») әнін орындады. Жарыс Польшада өткенімен, пандемияға байланысты Қарақат Башанова Польшаға бармай Қазақстандағы студиядан қатысты.

Биылғы байқауға Нидерланд, Беларусь, Грузия, Украина, Мальта, Польша, Ресей, Сербия, Германия қатысты.

фото: azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.