19-12-19 |
630 рет қаралған
«Пара алды» деп айыпталған шенділер: Кім қанша миллион төледі?.
«Пара алды» деп айыпталған шенділер: Кім қанша миллион төледі?

Фото: Caucasus Times

Журналист Асылхан Мамашұлы фейсбуктегі парақшасында әр жылдары «пара алды» деп айыпталып, сотталғанымен кейін миллиондаған ақша төлеп, босап шыққан шенділердің тізімін жариялады.

««Қызмет бабын асыра пайдаланды, ірі көлемде пара алды, мемлекет қаржысын талан-таражға салды» деп айыпталып, сотталғандар және көп ұзамай бостандыққа шыққан жоғары лауазымды шенеуніктер:

1. Қуандық Бишімбаев ұлттық экономика министрі

2017 жылы қаңтарда қамауға алынған. Оған 346 миллион теңге пара алған және 1,2 миллиард теңге қаржы жымқырған деген айып тағылған. 10 жылға сотталып, 2,8 айда шартты жазамен босатылды.

2. Білім және ғылым министрінің орынбасары Эльмира Суханбердиева
2019 жылы қызметін асыра пайдаланды, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысты деп айыпталды.
Бір ай қамауда отырып, 6 миллион 312 мың теңге төлеп, бостандыққа шықты.

3. Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Серікбол Мусинов
2019 жылы көктемде «25 мың доллар пара алды» деп айыпталды. 240 млн теңге айыппұл төлеп, сот залынан бостандыққа шықты.

4. «ҚазМұнайгаз» өнімдері компаниясы директоры Қуандық Қалмұрзин
2019 жылы «4,3 миллион теңге пара алды» деп айыпталды. 129 миллион теңге айыппұл төлеп, бостандыққа шықты.

5. «Қазақстан инжиринг» басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков
2017 жылы қарашада 10 жылға сотталды. «Аса ірі көлемде пара алды» деп айыпталды. 2 миллиард 139 миллион теңге төлеп, ек айдан соң бостандыққа шықты.

6. Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы Ескендірбек Маханов
2017 жылы көктемде 7 жылға сотталды. «100 миллион теңгеден астам қаржы жымқырды» деп айып тағылды. Бір жылдан соң бостандыққа шықты.

7. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы департаментінің бұрынғы басшысы Қажымұрат Үсенов.
2016 жылы аты шулы «ЭКСПО ісі бойынша» айыпталды. Тергеумен келісімге келіп, 2 жылға сотталды. 10 айдан соң бостандыққа шықты.

8. Ақтөбе облыстық мәслихаттың бұрынғы депутаты Мейіржан Өндіргенов
2016 жылы тамызда 4 жылға сотталды. «900 миллион теңгеден астам қаржы жымқырды» деп айыпталды. Бір жылдан соң бостандыққа шықты.

9. «Қорғас» шекаралас ынтымақтастық орталығының бұрынғы президенті Василий Ни.
2016 жылы күзде «1 миллион доллар пара алды» деген айыппен қамауға алынды. Айыбын мойындағаны ескеріліп, сотталмады

10. Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Қалиев
2016 жыл көктемде 4 жылға сотталып, күзде босап шықты. Параға делдалдық жасады деп айыпталды.

11. Қостанай қаласының әкімі Ахмедбек Ахметжанов
– 2016 жылы 13 жылға сотталды. «84 миллион теңге пара алды» деп айыпталды. 3 жылда бостандыққа шықты.

12. Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов
2015 жылдың соңында «заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты», «өкілетін асыра пайдаланды» деген айып тағылды. 10 жылға сотталып, 2 жылға жетпей бостандыққа шықты.

13. Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұрынғы төрағасы Мұрат Оспанов
2015 жылы «жемқорлық» бабымен үстінен іс қозғалды. 1 миллиард 101 миллион теңге айыппұл төлеп, бостандыққа шықты.

14. Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал Бағдат Майкеев
2014 жылы «екі миллион доллар пара алды» деген айып тағылды. 6 жылға сотталып, бір жылдан соң «қатерлі ісікпен ауыруына» байланысты босатылды.

15. Ауылшаруашылығы министрінің бұрынғы орынбасары Мүсілім Өміряев
2014 жылы 10 жылға сотталып, 3 жылда босады. «100 мың доллар пара алды» деп айыпталды.

16. Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұлов
2014 жылы күзде «жемқорлық» бабымен 3 жылға сотталып, бір жарым жылда бостандыққа шықты.

17. Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев
2014 жылы күзде 5 жылға сотталды. Бір жарым жылдан соң босап шықты. Экс-премьер Серік Ахметовтің ісі бойынша сотталған 21 адамның бірі.

18. Статистика агенттігінің төрайымы Анар Мешімбаева
2014 жылы ақпанда 7 жылға сотталып, 4 жылдан соң босады. 700 миллион теңгеден астам қаржы жымқырды деп айыпталды.

19. Қорғаныс министрлігінің жоғары лауазымды қызметкер, генерал Алмаз Асенов
2013 жылы шілдеде 11 жылға сотталды. 200 мың доллар пара алды деп айыпталды. 3 жылда бостандыққа шықты.

20. Ішкі істер министрі Серік Баймағамбетов
2013 жылы қыста «80 мың доллар пара алды» деген айып тағылды. 10 жылға сотталып, 2 жылда бостандыққа шықты» деп жазады журналист.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.