06-11-18 |
1030 рет қаралған
БАҚ: Армения ҰҚШҰ-ны басқару өкілетінен айрылуы мүмкін.
Ресейлік «Коммерсантъ» газеті Армения Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) хатшылығын басқарудан мерзімінен бұрын айрылуы мүмкін екенін хабарлады. Ереван ҰҚШҰ-ның бас хатшысы болған Армения өкілі Юрий Хачатуровты билікті заңсыз басып алды деп айыптап отыр. Хачатуров ҰҚШҰ хатшысы қызметін бір жарым жыл атқарды. Ұйым жарғысы бойынша, бас хатшы үш жыл мерзімге сайланады.

Басылым өзінің дипломатиялық дереккөздеріне сілтеме жасай отырып ҰҚШҰ бас хатшысы Беларусь кандидаты Станислав Зась болуы мүмкін екенін жазады.

Армения Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Анна Нагдалян 5 қарашада Засьтің кандидатурасына немесе Арменияның ҰҚШҰ бас хатшылығын басқара алмауы мүмкін екеніне қатысты комментарий бермейтінін айтты.

Станислав Зась қазір Беларусь Қауіпсіздік кеңесінің мемлекеттік хатшысы қызметін атқарады.

ҰҚШҰ бас хатшылығына үміткер жайы ұйымның 8 қарашада Астанада өтетін самиитінде талқылануы мүмкін. ҰҚШҰ құрамында Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан бар.

2 қарашада 2017 жылдың мамырынан бері ҰҚШҰ бас хатшысы қызметін атқарып келе жатқан Юрий Хачатуровты Армения билігі қылмыс жасады деп шақыртып алған. Арменияда оған 2008 жылы өткен сайлаудан соң «мемлекеттік билікті күшпен басып алу немесе оны күшпен ұстап тұру әрекетін жасады» деген айып тағылған. Хачатуров 2008 жылы қорғаныс министрі болған.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.