26-10-18 |
930 рет қаралған
Әбдірахманов келесі Сирия келіссөзінің қашан өтетінін хабарлады.
Астанадағы Сирия бейбіт келіссөзінің кезекті отырысы қарашаның соңы, я желтоқсанның басында өткізілуі мүмкін. Бұл туралы қазанның 25-і күні Астанада сенат жиыны арасында журналистер сауалдарына жауап берген Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов хабарлады. 

«Астана процесіндегі кепіл елдер өкілдері таратқан ақпарат бойынша, олар Астанада Сирия бойынша жоғары деңгейдегі келесі келіссөзді жобамен қарашаның соңы – желтоқсанның басында өткізуді жоспарлап отыр. Нақты уақыты мен күн тәрбіті туралы қосымша хабарланады» деді министр.

Сирия келіссөзінің бұған дейінгі раунды Астанада 14-15 мамыр күндері өткен. Ол кездесу қорытындысында кепіл елдер – Иран, Ресей және Түркия жасаған ортақ мәлімдемеде Сирияның тәуелсіздігі, бірлігі мен аумақтық тұтастығын сақтап, 2017 жылдың 4 мамырында қабылданған деэскалация аймағын құру туралы меморандум және Астанадағы келіссөздер барысында келісілген өзге де құжаттарды жүзеге асырудың маңыздылығы айтылған. Бұл кездесуден кейін Сочиде және Анкарада екі кездесу өткен.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.