16-09-21 |
1230 рет қаралған
«Бизнесті мазақ етудің бюрократиялық түрі»: Депутат қаржы министрін сынады.
«Бизнесті мазақ етудің бюрократиялық түрі»: Депутат қаржы министрін сынады

Елдегі шағын және орта кәсіп иелерін тексеруге мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов та қарсы шықты. Депутат қаржы министрлігінің әрекетіне «бизнесті мазақ етудің бюрократиялық түрі» деген пікір білдірді.  

 

Жамалов «қашықтан мониторинг жүргізу» деп аталатын пилоттық  жобаны жемқорлықтың жолы деп атады.  

Егер қаржы министрлігі осы жобалар арқылы салықтық түсімді арттырамыз десе, бәрі бекер. Бұл – балығы жоқ көлден балық іздеу секілді құр әурешілік. Қаржы министрлігі президенттің тапсырмасын өздерінің жеке мақсаттарына пайдаланып отырған секілді әсер қалдырады. Ең сорақысы мемлекеттік тапсырма сайып келгенде бизнестегі бюрократияны одан сайын ушықтырып жіберді. Сондықтан осындай жобаларды тоқтатуды талап етеміз”, – дейді мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов.  

  • Мәжіліс депутатының айтуынша, барлық пилоттық жоба, қаржы министрінің тәуелсіз бұйрығымен енгізілген.

«Неге бұлай болып жатыр? Неге пилоттық жобалардың қажеттілігі бизнеспен талқыланбайды? Пилоттық жобалардың идеясы салықтық әкімшілендірудің жаңа цифрлық құралдары мен тетіктерін апробациядан өткізу болды. Алайда іс жүзінде олар Салық кодексін айналып өтіп, салық нормалары мен міндеттемелерін өз бетінше түсіндіруге мүмкіндік берді. Жалпы Қаржы министрлігі Президент қойған нақты мақсаттар мен міндеттері орнына өз мақсаттарын алмастырып жатқанға ұқсайды. Сонымен қатар мемлекеттік тапсырмалар іс жүзінде бизнесті мазақ етудің бюрократиялық түріне айналады», – деп қосты Жамалов.

Депутат пилоттық жобалардың іске асырылуы мен тиімділігі туралы толық ақпарат алуды, жаңаларын енгізуді тоқтатуды және бір мезгілде жүргізілетін пилоттық жоба санын шектеуді сұрады. Егер басқаларды іске асыру әлі аяқталмаған болса, жаңа пилоттық жобаларды енгізуге болмайды деп есептейді мәжіліс депутаты. Сонымен қатар ол жүргізіліп жатқан пилоттық жобалардың нәтижесі бойынша Салық кодексін жетілдіруге  ұсыныстар енгізуді сұрады.

Дереккөз: 31 арна

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.