30-03-21 |
1450 рет қаралған
Еліміздің бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды.
Еліміздің бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК мамандары еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады. Бүгін кей аймақтарда тұман, көктайғақ және жел күтіледі.

Синоптиктердің болжамынша, 30 наурызда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Сонымен қатар бүгін Шымкентте де таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с-қа дейін жететін батыстан соғатын жел күтіледі.

30 наурызда Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел тұруы ықтимал. Павлодар қаласында да 30 наурызда бұрқасын, батыстан соғатын жел күтіледі. Түнде екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

30 наурызда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Ақтау қаласында да бүгін таңертең тұман күтіледі.

30 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, түнде кей жерлерде көктайғақ күтіледі.

Сондай-ақ 30 наурызда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде бұрқасын болып, күші 15-20 м/с-қа дейін жететін батыстан және солтүстік-батыстан соғатын жел тұруы ықтимал.

Ал Көкшетау қаласында 30 наурызда түнде, таңертең тұман күтіледі және көктайғақ болуы мүмкін.

30 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.

30 наурызда Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын, тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

30 наурызда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Ал солтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін. Тараз қаласында да тұман, солтүстік-батыстан соғатын жел күтіледі.

Сонымен қатар синопктиктер жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында абай болуды ескертеді және қарлы тік жартастарға шықпауды сұрайды.

Себебі 28-30 наурыз аралығында қар көшкіні қаупі сақталады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.