10-02-21 |
2240 рет қаралған
Елімізде қашықтан жұмыс жасау заңдастырылады.
Елімізде қашықтан жұмыс жасау заңдастырылады

Мәжілісте еңбек заңнамасына енгізілетін өзгерістер туралы айтылды. Оның ішінде қашықтан жұмыс істеу бойынша түзетулерді қарастырып жатыр.  

 «Қазіргі кезде қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру тәжірибесі еңбек заңнамасын жетілдіру қажеттілігін көрсетті. Осыған байланысты заң жобасы қашықтан жұмыс істеуге байланысты еңбек қатынастарын реттеуді көздейді. Уақытша және аралас жұмыс, жұмыс кестесін, жұмыс уақытын, қызметкер мен жұмыс берушінің жауапкершілігін белгілеу сияқты жаңа жұмыс режимдерін енгізу ұсынылады», – деді палата отырысында мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы, депутат Жәмилә Нұрманбетова.

Мәжіліс «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне қашықтан жұмыс істеуді құқықтық реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылауды бастады. Мәжіліс комитеті қорытындыны 2021 жылдың 22 желтоқсанына дейін дайындауды жоспарлап отыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.