02-09-21 |
1280 рет қаралған
Елімізде салықтан жалтаратын кәсіпкерлер көбейді.
Елімізде салықтан жалтаратын кәсіпкерлер көбейді

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий кассалық тәртіпке теріс әсер етті. Бұл туралы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді.

 

«2020 жылы енгізілген тексерулерге үш жылдық мораторий кассалық тәртіпті төмендетіп жіберді. Адал емес кәсіпкерлер бұл бастаманы жазасыз салықтан жалтару мүмкіндігі деп қабылдады. Осыған байланысты біз микро және шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторийді алып тастауды қарастыруды ұсынамыз», – деді министр үкімет отырысында.

Оның айтуынша, бұл мемлекеттік бюджет кірісінің ұлғаюын қамтамасыз етеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шағын және шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жарияланды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.