Қазақстандық тәртіп сақшылары жануарларды азаптайтын жасөспірімдерді 14 жасынан қылмыстық жауапқа тартуды ұсынды.
«Қылмыстық жауаптылық жасын 14 жасқа дейін төмендету ұсынылды, бұрын ол 16 жас болатын», – деді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің арнайы тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Айбек Өскембаев ОКҚ брифингінде.
Сонымен қатар, аға инспектор жануарды қорлағандарға салынатын айыппұл көлемін көбейтуді сұрады. «Жануарларға қатыгездік жасау» бойынша санкцияны екі мың АЕК-тен бес мың АЕК-ке дейін, қоғамдық жұмыстарды – 600-ден 1000 сағатқа дейін күшейту және екі жылдан бес жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру ұсынылды.
«Қылмыстың өзі қылмыстық теріс қылықтар қатарынан жалпы ауырлығы орташа қылмысқа ауыстырылады. ӘҚБтК-нің 408-бабы – «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін, иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету ережелерін, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою ережелерін бұзу» бойынша ескерту түріндегі жазаны алып тастауды ұсынамыз. 408-баптың 2-бөлігінде айыппұлды 10-нан 20 АЕК-ке дейін ұлғайту. Бұл ұсыныстарды ІІМ бас прокуратураға енгізді, онда ұсыныстар мақұлданды. Болашақта жұмыс топтарының отырыстарында қаралған кезде бұл нормалар өз орнын табады деп ойлаймын», – деді Өскембаев.
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
13.11.2024
-
13.11.2024
-
13.11.2024
-
13.11.2024