Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов халыққа үндеу жасады. Әкім елордалықтарға шектеу шараларын ескертіп, мереке күндері адам шоғырланатын жерлерге бармауды сұрады, деп хабарлайды Arasha.kz.
«Тура бір жыл бұрын елімізде әлемдік пандемияға байланысты төтенше жағдай енгізілді. Қала аумағында блок-бекеттер орнатылып, «коменданттық сағат» жарияланды. Содан бері медицина қызметкерлері коронавируспен күрестің алдыңғы шебінде келеді. Мемлекет жедел қабылдаған шаралардың арқасында індеттің таралу қаупін азайту мүмкін болды. Дегенмен, вирус әлі де бар»,- деді Алтай Көлгінов.
Әкім жексенбі – 21 наурызда қалада локдаун жарияланатынын хабарлады.
Барлық бұқаралық шараларға тыйым салынды. Адамдардың өмірі мен денсаулығына ештеңе де қауіп төндірмеу керектігін айтты.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024