27-10-18 |
1670 рет қаралған
Ұлыбритания армиясында әйелдер енді арнайы жасақта қызмет ете алады.
Ұлыбританияда әйелдерге бірінші рет армия арнайы жасағы – Ерекше әуе қызметінде (SAS) қызмет етуге рұқсат берілді. Бұл туралы BBC Ұлыбритания қорғаныс министрі Гэвин Уильямсонға сілтеме жасап хабарлады.

Уильямсон британ армиясында қызмет ететін әйелдердің бірінші рет армиядағы кез-келген қызметті атқара алатынын мәлімдеді. «Қарулы күштер бірінші рет жынысы бойынша емес, тек қабілеті бойынша жасақталады» деді министр.

BBC-дің хабарлауынша, Ұлыбритания армиясында 2016 жылы қарашада бірінші рет әйелдердің әскери іс-қимылдарға тікелей қатысатын бөлімдерде қызмет етуіне рұқсат берілген. Содан бері 35 әйел корольдік бронды танк корпусында қызмет етіп, жаттығады.

Енді әйелдер корольдік теңіз жаяу әскері корпусында, жаяу әскер мен арнайы мақсаттағы әскерде қызмет ете алады.

АҚШ армиясында 2016 жылы әйелдердің әскери қызмет етуіне салынған барлық шектеу жойылған.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.