16-04-19 |
4090 рет қаралған
Нотр-Дамның жанғанын көрген француздар көздеріне жас алып, әнұран айтқан (видео).
Нотр-Дамның жанғанын көрген француздар көздеріне жас алып, әнұран айтқан (видео)

15 сәуір күні әлем сәулет өнерінің қазынасы, орта ғасырда салынған Париждегі Нотр-Дам Де Пари саборынан өрт шықты.

Собор 850 жылдық тарихы бар готикалық ғимарат. Нотр-Дамның шатыры жанып кетті, бірақ екі қоңырауы мен негізгі конструкциясын сақтап қалған. Өрт басталғаннан тоғыз сағат өткеннен кейін өрттің ауыздықталғаны хабарланды деп жазады жергілікті баспасөз.

Қазіргі уақытта өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. Шенеуніктер ғимаратта жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен байланысты болуы мүмкін екенін айтады. Ал Париж прокуратурасы аталған оқиға бойынша іс қозғаған.

Собордан шыққан өртті сөндіруге 500-дей өрт сөндірушілер жұмыс істеген.

Франция президенті Эммануиль Макрон оқиға орнына барып, соборды қалпына келтіретіндіктерін айтты.

«Біз барлығымыз бірігіп, саборды қалпына келтіреміз. Алдағы жылдарға міндетті жоспарымыз осы. Себебі француз халқы мен біздің тарихмыз собордың жөнделгенін күтеді,» -деді Э. Макрон

Kering компаниясының төрағасы және бас директоры Gucci и Yves Saint Laurent сән брендтерінің иесі Франсуа-Анри Пино 100 млн евро Нотр-Дамды қалпына келтіруге аударатындығын айтты, деп хабарлайды AFP агенттігі.

Fondation du Patrimoine деген Францияның қайырымдылық қоры соборды қалпына келтіру үшін халықаралық деңгейде асар ұйымдастыратындықтарын мәлімдеді.

Нотр-Дам Де Париге жылына 13 млн турис жан-жақтан келеді екен.

BBC арнасының жазуынша, жанып жатқан собордың жанына мыңдаған адам жиналып, отқа қарап тұрған. Кей біреулер соборға қарап жылап тұрса, біреулер Францияның әнұранын айтып, тағы біреулер құдайға сыйынып тұрған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.