Білім беру, кедейшілікпен күрес және адам құқықтары мәселелерімен айналысатын ActionAid ұйымы 4 қазан күні Пәкістанның Ішкі істер министрлігі елден кетуді бұйырғанын мәлімдеді. Ұйымның Пәкістандағы өкілдігінің директоры Абдул Халидтің Reuters агенттігіне айтуынша, министрлік өкілі Исламабад тағы 17 қайырымдылық ұйымының биліктің елден кету туралы талабына қарсы шағымын қанағаттандырмағанын айтқан.
«Пәкістанның ActionAid пен өзге де халықаралық ұйымдар өкілдіктерін жабу туралы шешімі азаматтық қоғам, академиялық орта мен журналистерге қысымды күшейте түседі. Бұдан ең алдымен ActionAid құқығын қорғап, өмірін жақсартуға көмектесетін Пәкістандағы мыңдаған қарапайым отбасы зардап шегеді» делінген ActionAid ұйымының мәлімдемесінде.
Былтыр Пәкістан билігі елде көбінесе адам құқықтарын қорғаумен айналысатын 27 халықаралық ұйымның елден кетуін талап еткен. Бұдан соң ол ұйымдар Исламабадтың талабына қарсы шағымданған.
Пәкістан билігі аталған ұйымдарды «мемлекетке қарсы жұмыс істейді» деп айыптаған.
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024