06-10-18 |
1140 рет қаралған
Парижде Шарль Азнавурды жерледі.
Қазанның 5-і, жұма күні Парижде жұртшылық Шарль Азнавурды ақтық сапарға шығарып салды. Франциялық әйгілі әншімен қоштасу рәсімі Париждегі Мүгедектер үйінде өтті, оған қатысушылардың арасында Франция мен Армения басшылары Эммануэль Макрон мен Никол Пашинян да болды. Сонымен бірге қаралы рәсімге әскери оркестр мен екі мемлекеттің ресми тұлғалары қатысты.

Мүгедектер үйінде ресми мемлекеттік рәсім ұйымдастырылды – Франция дүниеден өткен әйгілі әншісіне осылайша құрмет білдірді. Шарль Азнавурмен қоштасу рәсімін франциялық телеарналар тікелей эфирден көрсетті.

Тегі армян француз әншісі Шарль Азнавур (Шахнур Вахинак Азнавурян) қазанның 1-і күні Прованстағы үйінде 94 жасында қайтыс болған. Ерекше тенор дауысты әнші 70 жылдан астам уақыт бойы сахнада өнер көрсеткен.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.