Украина сыртқы істер министрлігі кемелерді ұстауды айыптап, Ресей әрекетін «басқыншылық» деп атады.
25 қарашада Ресей Керчь бұғазында Украина әскери-теңіз күштерінің үш кемесін оқ атып, ұстаған. Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі Украина әскери кемелері «Ресей шекарасын бұзғанын», Қара теңізде оларды ұстау үшін қару қолданылғанын және үш теңізшінің жараланғанын растаған. Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі 25 қарашада өткен шұғыл жиынында Ресейдің бұл әрекетін «басқыншылық» деп атап, елде әскери жағдай жариялауды ұсынған.
Соңғы мәліметтер бойынша, Украина кемелері экипажымен бірге Керчь портында тұр, жараланған теңізшілер өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Украина қарулы күштері қазір толық әскери дайындыққа келтірілді.
Оқи отырыңыз: Азов теңізіндегі оқиға: Украина әскери жағдай жариялағысы келеді
Украина Жоғарғы Радасы 26 қарашада елде әскери жағдай жариялау мәселесін талқылайды. Керчь бұғазындағы жағдай бүгін сонымен қатар БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл жиынында талқыланады.
НАТО мен Еуропа Одағы Мәскеу мен Киевті ұстамды болуға шақырған.
-
04.11.2024
-
04.11.2024
-
04.11.2024
-
04.11.2024
-
04.11.2024
-
04.11.2024
-
04.11.2024
-
04.11.2024
-
04.11.2024